Ұлттық банк шетел валютасын сату бойынша мәліметтерді жариялады

Айырбастау пункттерінің сату мен сатып алу айырмашылығы 204,6 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның аналитикалық орталығына сілтеме жасап. 

Ұлттық банк шетел валютасын сату бойынша мәліметтерді жариялады Фото: inform.kz

2022 жылы  көрсеткіш мамырда ғана жоғары болды (209,3 млрд теңге). Биыл шетел валютасына сұраныс артуда. Мәселен, қазан айымен салыстырғанда өсім 24,2%-ды құрады.

Алайда 2021 жылдың қарашасында АҚШ валютасының таза сатылымы 295,5 млрд теңгені құрады. Яғни, бір жыл ішінде таза сұраныс 30,8%-ға төмендеді. 

Оның үстіне ол кезде бағам бір доллар үшін 430 теңге шамасында болса, қазір 463,8 теңгені құрап отыр.

Ал жалпы алғанда, жылдағы сұраныс былтырғы деңгейден артта қалып отыр.  2021 жылдың қаңтар-қараша айларында доллардың таза сатылымы 1 трлн 658,3 млрд теңгені құрады. Биылғы жылдың 11 айында көрсеткіш 62,7 млрд теңгеге аз.  Ал өткен жылдың желтоқсан айындағы жоғары көрсеткіштерді (378,4 млрд теңге) ескерсек, бұл айырмашылықтың орнын толтыру екіталай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу