Ұлттық банк шілде айында халықарлық жобаны іске қосады

558

Ұлттық банк шілде айында халықарлық жобаны іске қосады

Ұлттық банк ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарын Clearstream жүйесінде есептелетін бағалы қағаздар тізіміне қосу жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.

Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың мәлімдеуінше, жоба 2018 жылғы шілдеде іске қосылады.

"Бірлескен жобаны іске асыру Clearstream халықаралық есеп айырысу жүйесі арқылы қазақстандық заңнама шеңберінде теңгемен шығарылған барлық мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуды жүргізуге мүмкіндік береді және шетелдік инвесторлардың қазақстандық қор нарығына қолжетімділігін кеңейтеді. Жүйені іске қосу шетелдік инвесторлар тарапынан қазақстандық мемлекеттік облигацияларға деген сұранысты ұлғайтуға, олардың өтімділігінің және сыртқы нарықта тартымдылығының артуына ықпал етеді", - деді Әлия Молдабекова.

Оның айтуынша, жобаны аяқтау ұзақмерзімді қорландыру көздерін кеңейтіп, мемлекет қарыздарының құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Аталған бастама кірістілік қисығын қалыптастыруға және Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамытуға ықпал етеді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу