Ұлттық банк тағы бір ескерткіш монетаны айналымға шығарады

851

Ұлттық банк тағы бір ескерткіш монетаны айналымға шығарады

Ұлттық банк 2017 жылғы 8 қарашада "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан  А. Ғалымбаеваның 100 жылдығына арналған ескерткіш монетаны айналымға шығарады деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Айша Ғалымбаева (1917-2008) –  алғашқы кәсіби қазақ суретшісі.

Ескерткіш монетаның бет жағында орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы,төменгі бөлігінде "100" деген сан және монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" деген жазба орналасқан. Сол және оң жақтағы секторда ұлттық ою-өрнек элементтері бір-біріне қарама-қарсы бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деп жазылған. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің логотипі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Айша Ғалымбаеваның бейнесі, сурет салуға арналған палитра және суретші жұмыстарының бірі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "А. ҒАЛЫМБАЕВА" деген жазба, оның туған жылын білдіретін "1917" деген сан және соғылған жылын білдіретін "2017" деген сан орналасқан.

Монеталар нейзильбер қоспасынан дайындалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 10 мың дана.

Ескерткіш монеталары сату үшін арнайы полиграфиялық орауға салынған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық филиалдарынан сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу