Ұлттық банк: Тамыз айында 2 300-ден астам алтын құйма сатылды

553

Жалпы салмағы – 68,6 келі.

Ұлттық банк: Тамыз айында 2 300-ден астам алтын құйма сатылды

Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы 2017 жылы іске қосылған болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 3,4 тоннаға жуық 101 846 алтын құйма сатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz бас банктің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 26 078 дана. Одан кейін 20 грамдық  құйма сұранысқа ие – 21 823 дана (21%) сатылған, 5 грамдық құймадан – 21 732 дана (21%), 100 грамдық құймадан – 20 177 дана (20%), 50 грамдық құймадан – 12 036 дана (12%) сатылды.

Алтын құймалар Алматы, Астана және Атырау қалаларында көп сатылады.

Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны бірден төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.

Бағдарлама басталғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген пунктер жалпы салмағы 395 келі 15 897 алтын құйманы кері сатып алған, бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 15,6%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу