Ұлттық банк теңге аударымдарын дамытуға қатысты халықаралық төлем жүйелерімен келісімге келді

817

Енді теңгемен жасалатын транзакциялар жылдам әрі арзан болады, деп хабарлайды Аtameken Business.   

Ұлттық банк теңге аударымдарын дамытуға қатысты халықаралық төлем жүйелерімен келісімге келді

Ұлттық банк осы бағытта халық-аралық төлем жүйелерімен алдын-ала келісімге қол жеткізді. Дәлірек айтқанда, Visa және Mastercard компаниялары теңгемен жасалатын аударымдардың тарифін түсірЕді. Бұл туралы бас банкир Ерболат Досаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Юнион Пэй төлем жүйесімен де келіс-сөздер басталды. Сондай-ақ, қазір ақшаны тез аударатын қызметтерді сынақтан өткізетін платформа әзірленіп жатыр. Егер сынақ сәтті өтсе, онда жаңа жүйе екінші деңгейлі банктерге енгізіледі. Бұл шешімнің арқасында теңгемен жасалатын операциялардың комиссиясы азайып, аударымның уақыты қысқарады. Айта кетерлігі, қазір халық электронды ақшаны белсенді түрде пайдаланады. Соңғы 6 айда 30 трлн теңге онлайн аударылған. Бұл сома өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе  көп. Мамандардың айтуынша, алдағы жылдары бұл көрсеткіш тағы бірнеше есеге өседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу