Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұру үшін 1,5 млрд жұмсаған

709

10 наурыздан бері интервеницялық шараларға 1 млрд 487,6 млн теңге шығындалған.

Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұру үшін 1,5 млрд жұмсаған

"Қазақпарат" ақпарат агенттігі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың түсіндірмесін жариялады.

"Ұлттық банк шынымен де интервенция шараларын жүргізді. Соның арқасында ауыр кезеңде қаржылық тұрақтылық пен қаржы нарығының қалыпты жұмысы қамтамасыз етілді. Мұнай бағасының құлдыраған кезінде сыртқы факторлардың ішкі нарыққа жағымсыз әсерін болдырмау үшін Ұлттық банк 1 4876,6 млн теңге көлемінде 10 наурыздан бастап интервенциялық шаралар жүргізді. Интервенциялар қалыпты сауда кезінде де, франкфурт аукцион арқылы да іске асты", – дейді Әлия Молдабекова.  

Оның айтуына қарағанда интервенциялық шығындарға қарамастан, ай соңында халықаралық резервтер 29,97 млрд долларға жетіп, 80 млн теңге өсім кірген. Еркін корветацияланатын валюта резерві 10,3 млрд теңге жеткен. Яғни, ай сайын 700 млн теңге өсім болған. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу