Ұлттық банк: Теңгеге келетін қатерлердің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

1087

Ұлттық банк 12, 13 қаңтар күндері қаржылық тұрақтылық пен тұрақсыздану қатерін болдырмау үшін $240 млн-ға валюталық интервенция жүргізді, деп хабарлады қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк: Теңгеге келетін қатерлердің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр

"Қаржылық тұрақтылық қатеріне және тұрақсыздандыратын ауытқуларға жол бермеу мақсатында Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді. Олардың көлемі 12 және 13 қаңтарда 240 млн доллар, яғни барлық сауда көлемінің 50%-ына тең болды. Жыл басынан 13 қаңтарға дейін шетел валютасына сұраныс өсті де, теңге бағамы 0,5% (433,67-ге дейін) әлсіреді", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу