Ұлттық банк төрағасы үш сағат бойы халықтың сұрағына жауап береді

886

Ұлттық банк төрағасы үш сағат бойы халықтың сұрағына жауап береді

2018 жылғы 22 ақпанда сағат 10:00-де Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы өтеді. Ол үш сағат бойы онлайн режимде қазақстандықтар Ұлттық банктің қызметі, жүргізіліп отырған ақша-кредит саясаты, қаржылық қызметтер саласындағы құқықтарды қорғау туралы сұрақтарға және басқа да көптеген сұрақтарға жауап ала алады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Сұрақтарды "ҚҰБ Online" мобильдік қосымшасындағы "ҚҰБ төрағасы  Д.Т. Ақышевтың онлайн-конференциясы" арнайы бөлімі; ақпараттық әріптес- "Kazinform" халықаралық ақпарат агенттігінің сайты; сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің Facebook (www.facebook.com/ulttykbanki/ және  www.facebook.com/nationalbankkz/) және Instagram (https://www.instagram.com/national_bank_of_kazakhstan/)  әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу