Ұлттық банк төрағасы үздік ЖОО-ларда дәріс өткізеді

853

Ұлттық банк төрағасы үздік ЖОО-ларда дәріс өткізеді

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) университетінің студенттеріне дәріс өткізді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Дәріс барысында Ұлттық банк төрағасы орталық банк қызметінің негізгі функциялары мен бағыттары, сондай-ақ орталық банк пайдаланатын ақша-кредит саясатының түрлі режимдері туралы айтып берді. Елдің төлем балансына және оның өзгерістеріне ықпал ететін факторларға қатысты мәселеге ерекше назар аударылды.

Студенттерді Ұлттық банктің үкіметпен өзара іс-қимылы, зейнетақы активтерін инвестициялау және зейнетақымен қамсыздандыру, Ұлттық банктің криптовалюталарға қатысты көзқарасы мәселелері қызықтырды. 

Данияр Ақышев Ұлттық банкте ҚМЭБИ түлектерінің жұмыс істейтінін айтты және студенттерді университетті аяқтаған соң ҚРҰБ-дағы бос жұмыс орындарына арналған конкурсқа қатысып, бақ сынауға шақырды. Бұл ретте ол экономикалық мамандықтарда оқып жатқан студенттердің елімізде және әлемде орын алып отырған қаржылық жағдайды жақсы түсінуге тиіс екендігін атап өтті.

Ұлттық банк төрағасы енді осындай дәрістерді Қазақстанның ең үздік университеттерінде тұрақты негізде өткізетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу