banner

Ұлттық банк үш қаржы институтына айыппұл салды

956

Ұлттық банк үш қаржы институтына айыппұл салды

Еліміздің бас қаржы институты үш бірдей банкке айыппұл салды. Бұл туралы ұлттық банктің қаржы ұйымдары арасында жасаған мониторингі барысында белгілі болды.

Анықталғандай, бірқатар банктер тәртіп бұзушылыққа жол берген. Бұдан бөлек тағы 11 банкке 12 орындау туралы нұсқама мен 2 ескерту қағазы жіберілді. Биылғы жылдың 3-ші тоқсанында жиі тіркелетін тәртіп бұзушылықтың 8 түрі анықталған. Олардың ішінде несие шартын орындаудағы, заим алушының сұрауын және қажет еткен ақпаратын уақытылы бермеу, есепшоттарға негізсіз шектеу қою, тексеру ісінде Ұлттық банктің талап еткен құжаттарын бермеу немесе кешіктіру бар. Алайда, Ұлттық банк жазаланған банктердің атын атамады және айыппұлдар көлемін жарияламады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу