Ұлттық Банк валюта нарығында үш ай бойы өктемдік жүргізбеген

838

Ұлттық Банк валюта нарығында үш ай бойы өктемдік жүргізбеген

2016 жылғы қыркүйектен бері үш ай қатарынан Ұлттық Банк валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ. Осылайша, реттеуші биржадағы валюталық сауда-саттықтарға өзінің қатысуын 0%-ге жеткізді. Бұл туралы Астанадағы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.  

Оның айтуынша, теңге бағамы қазіргі уақытта оң серпінге ие іргелі факторлардың әсерімен ғана қалыптасады. 

"Ішкі валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Ұлттық Банк сыртқы және ішкі факторлардың әсерімен қалыптасатын іргелі үрдістерге кедергі келтірмейді. Қарашаның соңында теңгенің биржалық бағамы жылдың басынан бері 0,4%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 341,44 теңгені құрады. Қазіргі уақытта нарықта теңге бағамының күн сайын аздап ауытқуы байқалады", – деді Д. Ақышев.

Ол сондай-ақ, мұнай өндіретін көптеген елдердің мұнай өндіру көлемдері мен әлемдік нарықтағы мұнай құнының өсуін төмендету  туралы уағдаластығынан желтоқсанда теңгенің нығаю үрдісі байқалғандығын айтты.

"Еркін өзгермелі теңге бағамы саясаты резервтерді біртіндеп қалпына келтіруді бастауға мүмкіндік берді", – деп жалғастырды Д.Ақышев. Ол, Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері қарашаның соңына 29,8 млрд доллар құрағанын хабарлады. Жыл басынан бастап 2 млрд долларға  өсу  белгіленді. Ұлттық Банк басшысының түсіндіргендей "алтынвалюта резервтерінің көлемдерін ұлғайту негізінен алтын құнының өсуімен, сондай-ақ ішкі нарықта шетел валютасын сатып алумен қамтамасыз етілген".

Бұл ретте, Ұлттық қордың валюталық активтері 61 млрд доллар құрады. Елдің резервтерінің жалпы сомасы Ұлттық Банктің деректері бойынша, 91 млрд долларға жеткен немесе ІЖӨ-нің 68%-ын құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу