Ұлттық Банк валюта нарығындағы жағдайды түсіндірді

889

Ұлттық Банк валюта нарығындағы жағдайды түсіндірді

Соңғы 10 күнде – 2017 жылғы 21 тамыз – 6 қыркүйек аралығында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 2,6%-ға әлсіреді, бұл банктердің, компаниялардың және халықтың тарапынан шетел валютасына деген сұраныстың ұсыныстан асып кетуі салдарынан орын алды, деп хабарлайды nationalbank.kz.

Теңгенің еркін өзгермелі бағамы және Ұлттық Банктің валюталық сауда-саттыққа қатысуын барынша азайту жағдайларында мұндай жағдай бағамның автоматты түрде әлсіреуіне әкеледі.

Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективадағы бағамын айқындайтын тұрақты іргелі факторлардың аясында (сауда әріптес елдердегі мұнай бағасы және валюта бағамдары) жекелеген сарапшылардың мәлімдемесінен ушыққан девальвациялық күтулер теріс әсерін тигізді.

Ұлттық Банк шетел валютасының жеткілікті ұсынысы болмаған жағдайда оны сатушы болды. Тамызда Ұлттық Банктің нетто-өктемдіктерінің көлемі 70 млн АҚШ долларын құрады. Қыркүйектің бірінші аптасында Ұлттық Банк сондай-ақ шетел валютасын сату жөнінде өктемдік жүргізді. Ай қорытындысы бойынша деректер қазанның басында жарияланады.

5-6 қыркүйекте ахуал тұрақтанды. Ұлттық Банктің пікірінше, егер мұнай бағасы бір баррель үшін 50 АҚШ долларынан төмендемесе, ал Ресей рублінің бағамы бір АҚШ доллары үшін 59-60 рубльден аспаса, теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы ағымдағы деңгейде сақталады. Сонымен бірге, айырбастау бағамының ағымдағы деңгейі рубльге қатысты жеткілікті бағаланбай отыр, бұл оны түзету үшін алғышарттар жасайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу