Ұлттық банк валюталық өктемдік жүргізуді жалғастыра береді

690

Ұлттық банк валюталық өктемдік жүргізуді жалғастыра береді

Ұлттық банк тұрақсыздық тудырушы соққыларды болдырмау үшін валюталық өктемдік жүргізу құқығын өзіне қалдырды. Бұл туралы Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекова Алматы қаласында өткен дөңгелек үстел барысында айтып өтті, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

"Тамыз бен қыркүйекте өктемдіктер тиісінше (-) 70 млн және (-) 69,7 млн АҚШ долларын құрады", - деді Әлия Молдабекова. 

Қазіргі уақытта валюта нарығындағы жағдай тұрақты, айырбастау бағамы мұнай бағасының және Қазақстанның сауда әріптестерінің валюта бағамының өзгеруіне тәуелді болғандықтан күнделікті құбылып тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу