Ұлттық Банк зерттеу жұмыстарын жүргізуге гранттар байқауын жариялайды

437

Қазақстан Ұлттық Банкі зерттеу жұмыстарына гранттар ұсыну үшін конкурстық іріктеу жүргізбек, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық Банк зерттеу жұмыстарын жүргізуге гранттар байқауын жариялайды Фото: azattyq-ruhy.kz

Конкурстық іріктеу екі тақырып бойынша өтеді: туынды қаржы құралдарының нарығы: кедергілер мен дамыту бойынша шаралар; кепілді кредиторлардың құқықтары: Қазақстан практикасы мен халықаралық тәжірибе.

Конкурстық іріктеуге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы мәлімет жинау, сақтау және өңдеу ісіне байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын таратылу алдында немесе банкроттық процесте тұрмаған заңды тұлғалар  қатыса алады. 

Өтінім қабылдау 22 қазанда басталып, 2022 жылғы 5 желтоқсанда аяқталады. Электронды цифрлық қолтаңбамен расталған өтінімдер электрондық үлгіде Ұлттық Банк Порталы арқылы беріледі. "Грант беру туралы шешімді Грант ұсынушы комиссия қабылдайды, оның құрамына Ұлттық Банк пен басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Іріктеу жұмыстарының объективтілігін қамтамасыз ету үшін өтінімдер тәуелсіз шолушылардың қорытындыларына сай қарастырылады. Өтінімдер қаралып болғаннан кейін Ұлттық Банк зерттеудің бір тақырыбына бірнеше грант беруге немесе кейбір тақырыптарды грантсыз қалдыруға құқылы" делінген ҰБ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Байқау талаптары туралы толық мәліметті www.nationalbank.kz сайтынан білуге болады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу