Ұлттық банк зодиак белгілерімен коллекциялық монеталарды айналымға шығарады

829

Монеталар Қазақстанның барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ұлттық банк зодиак белгілерімен коллекциялық монеталарды айналымға шығарады

Ұлттық банк 12 желтоқсаннан бастап номиналы 100 теңгелік, күмістен және танталдан "Зодиак белгілері" сериясынан биколорлы коллекциялық монеталарды айналымға шығарады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

"Тоқты", "Арыстан", "Мерген", "Торпақ", "Бикеш", "Тауешкі", "Суқұйғыш", "Егіз", "Таразы", "Балықтар", "Шаян", "Сарышаян" монеталары айналымға шығарылмақ.

Монеталардың дизайны жартастағы сурет стилистикасында орындалған. Әрбір орнатылған танталдың түсі монета арналған стихияның түсіне сәйкес келеді. Олар әрбір зодиак белгісіне сәйкес келетін он екі түрде және түс өзгерту технологиясын қолдана отырып күмістен және танталдан дайындалған.

Монеталар сегіз қырлы, 925/1000 сынамды күмістен және танталдан дайындалған, жалпы массасы – 25 гр. (күміс сақина массасы 10 гр., танталдан ішкі диск массасы 15 гр.), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – "proof", таралымы – әрбір түрінен 1 000 дана.

Номиналы 100 теңгелік коллекциялық монеталар ел аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстанның барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Аталған монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Бұл коллекциялық монеталарды ҚР Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kz сайтындағы интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу