Ұлттық Банкі қаржы мамандарын оқытуға 42 грант бөлді

1294

Қаржы саласында білікті кадр даярлау ісі Nazarbayev University және Нархоз университетіне тапсырылып отыр. 

Ұлттық Банкі қаржы мамандарын оқытуға 42 грант бөлді Фото: ratel.kz

Аталған білім ордалары грантты өзара бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Nazarbayev University-нің Master of Science in Finance бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылына арналған түсу емтихандарының нәтижесіне сай 20 кандидатқа Ұлттық Банктің гранттарын ұсынды. Ал, Нархоз университетінде "қаржы талдаушысы", "қаржылық тәуекел-менеджер", "макроталдау және болжау" және "актуарий" бағдарламаларына 22 магистрант іріктеуден сәтті өтіп, Ұлттық Банктің гранттарын иеленді.

Студенттермен оқу шарттары жасалады. Олар оқу аяқталғаннан кейін Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады.

Бұған дейін Нархоз университеті және Ұлттық банк арасындағы ынтымақтасқа сәйкес 2003 пен 2018 жылдар аралығында 700-ден астам магистрант даярланды. Алғашқы лекті аяқтаған 11 магистрант Ұлттық Банкке және 8 магистрант Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасты. Ал, Nazarbayev University-мен арадағы ынтымақтастық бойынша Master of Science in Finance бағдарламасы бойынша оқыған 75 магистранттың 50 түлегі Ұлттық Банкте жұмыс істейді. Қалған түлектер – қаржы секторында.

Бағдарламалардың мазмұны және оқуға қойылатын талаптармен Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебінің gsb.nu.edu.kz/programmy сайтында және Нархоз университетінің қолданбалы қаржы магистратурасының applied-finance.narxoz.kz сайтында танысуға болады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу