Ұлттық банк кезекті болжам жасау раундын аяқтады

828

Ұлттық банк кезекті болжам жасау раундын аяқтады

2018 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі кезекті "2018 жылғы ақпан-наурыз" болжам жасау раундын аяқтады. Болжам жасалған кезең – 2018 жылғы 1-тоқсан – 2019 жылғы 3-тоқсан аралығы.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ірі инвестициялық банктер мен халықаралық институттардың Brent маркалы мұнайдың бағасына қатысты айтарлықтай жағымды болжамдарына байланысты базалық сценарий ретінде бүкіл болжам жасау кезеңінің ішінде мұнай бағасының бір баррель үшін 60 АҚШ доллары деңгейінде болатын сценарийді қарастырады.

Базалық сценарий кезінде, болжамдарға сәйкес, Қазақстандағы жылдық инфляцияның 2018 жылғы 4-тоқсанда 5-7% нысаналы дәліздің төменгі шегінен шығу, ал 2019 жылы инфляцияның 4-6% нысаналы дәліздің шегінде болу ықтималдылығы бар.

Тәуекел профилі өзгеріске ұшыраған жоқ. Ұсыныс күйзелістері мен инфляциялық күтулердің зәкірленбеуі негізгі тәуекелдер болып табылады, олар инфляция болжамына тән.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу