Ұлттық банктің алтын қоры 280 тоннаға жетті

971

Ұлттық банктің алтын қоры 280 тоннаға жетті

Ұлттық банктің алтын-валюталық қор құрылымында алтын мөлшері ұлғайып келеді. Бұл туралы алтын бойынша Бүкіләлемдік кеңесіне сілтеп 7kun.kz (World Gold Council) хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, резервтегі бағалы металдың қоры 1 тамыз күні 279 тонна болды, немесе мемлекеттің халықаралық резервінің 36,8 пайызын құрады.

Ұйымның айтуынша, реттеуші 57 ай бойы бағалы метал қорының мөлшерін арттырып келеді.

2017 жылдың ІІ тоқсанында бұл активтердің көлемі 11,3 тоннаға артты. Ал жалпы 2012 жылдан бері Ұлттық банк алтын қорын 167,5 тоннаға ұлғайтқан.

Алтын қоры бойынша, республика 100 мемлекеттің ішінде 21-орында. 2017 жылдың тамызында алтын қорының ең үлкен мөлшері АҚШ-қа тиесілі — 8133,5 тонна.

2017 жылдың екінші тоқсанында орталық банктердің таза сатып алу (әлемдік алтын қоры бойынша) үлесі 2016 жылғымен салыстырғанда 20 пайызға өскен. Бірақ көрсеткіш соңғы бес жылдың орташа деңгейінен аз.

Еске салсақ, реттеуші төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан алтын қоры бойынша топ-15 елдің қатарына ену мүмкіндігін хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу