Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 30,5 млрд АҚШ долларын құрады

1223

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 30,5 млрд АҚШ долларын құрады

ҚР ҰБ алтын-валюта резервтері жыл басынан бастап 2,7 млрд. долларға өсті. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Айта кетейік, мәжілісмендер "2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылауда.

"Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 2016 жылғы қазанның соңында 30,5 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бастап 2,7 млрд. долларға өсті", – деді Данияр Ақышев. Таратылған мәліметтерге қарағанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері бір айда 3,6%-ға төмендеп (оның ішінде валюталық биржада 544,3 млн АҚШ доллары сомасына конвертациялау операцияларын жүргізу есебінен), жедел деректер бойынша 62,2 млрд АҚШ долларын құрады. Елдің халықаралық резервтерінің жалпы сомасы 92,8 млрд АҚШ долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу