Тек соңғы бір жарым айдың ішінде республика бойынша осындай 39 факт тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бас прокуратура азаматтарға алаяқтықтың кең таралған схемасы туралы хабарлайды. Бұл жағдайда қаскөйлер өздерін Ұлттық Банкінің қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтардан қорғау сылтауымен азаматтардың ақшалай қаражатын иемденеді.
"2026 жылғы 17 қыркүйекте Ұлытау облысының Полиция департаменті Жезқазған қаласының тұрғынынан ақшалай қаражатты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қаскөйлер өздерін Ұлттық Банктің қызметкерлері ретінде таныстырып, ер адамға алаяқтар оның дербес деректерін иемденіп, шоттарындағы ақшалай қаражатын ұрлауға әрекет жасап жатқанын хабарлаған", – делінген хабарламада.
Қаскөйлерге сенген ер адам олардың нұсқауы бойынша депозиттеріндегі барлық ақшаны шешіп, оларды "қауіпсіздендіру" мақсатында үшінші тұлғаларға аударған. Келтірілген залал 9 млн теңгені құрады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Ұлттық Банктің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері телефон арқылы алаяқтардан қорғау деген сылтаумен несие ресімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшалай қаражатты үшінші тұлғаларға аударуды талап етпейді.