Ұлттық Банктің және БЖЗҚ басшылығы қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесті

990

Ұлттық Банктің және БЖЗҚ басшылығы қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелерімен кездесті

27 ақпанда ҚР Ұлттық Банкінде БЖЗҚ Қоғамдық кеңесі мүшелерінің ҚРҰБ төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматовпен және "БЖЗҚ" АҚ-тың басқарма төрағасы Н. Наурызбаевамен, сондай-ақ ҚРҰБ және БЖЗҚ өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ғалымжан Пірматов тәуелсіз консультативтік-кеңесші орган – БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңесті құру маңыздылығын атап өтті. "Салымшылар мен алушылардың, қаржы сарапшыларының, сондай-ақ зейнетақы саласындағы үдерістерді жария ететін журналистердің пікірі аса маңызды. Олардың негізінде жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының айқындылығын арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірленеді", - деді Ғ. Пірматов.

Өз кезегінде, Н. Наурызбаева БЖЗҚ қызметінің жоғары ашықтығына қол жеткізудің, қор салымшыларымен және зейнетақы төлемдерін алушылармен тұрақты тиімді ақпараттық және коммуникациялық арнаны қалыптастырудың бірінші кезекті мәнін атап өтті.

"БЖЗҚ жұмысының негізгі қағидаты өзгеріссіз қалады – бұл қор салымшыларының және зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау",  – деді ол. Ұлттық банктің және БЖЗҚ-ның өкілдері кездесуге қатысушыларға зейнетақы активтерін басқару бойынша жүргізілетін жұмыс пен зейнетақы секторындағы ағымдағы ахуал туралы қысқаша айтып берді, сондай-ақ БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Тараптар пікірлерімен алмасты, бірыңғай ақпараттық кеңістікте жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу қағидаттарын түсіндіру және зейнетақы жүйесінің қызметін жетілдіру жөнінде серпін беру үшін одан әрі өзара әрекеттесу шеңберінде осындай кездесулер өткізудің тиімділігін атап өтті.

БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшылардың, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің, БЖЗҚ салымшыларының, алушыларының, бұқаралық ақпарат құралдарының ерікті түрде қатысуының негізінде 2017 жылғы ақпанда қалыптастырылғанын еске саламыз. Саясаттанушы Досым Сәтбаев Кеңестің төрағасы, белгілі журналист Алевтина Донских оның орынбасары болып сайланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу