Ұлттық біліктілік тестілеу кезінде мұғалім қайтыс болды

1470

Қайтыс болған ұстаз 1973 жылы туған, жекеменшік мектептердің бірінде сабақ берген. 

Ұлттық біліктілік тестілеу кезінде мұғалім қайтыс болды

"Бүгін, 14 сәуірде тест тапсыру кезінде Алматы қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде істейтін, 1973 жылы туған мұғалім қайтыс болды. Ол гипертониялық ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізілуде", – деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы inbusiness.kz-ке.

Хабарламада қалалық білім бөлімінің өкілдері марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетіні айтылған. 

Ұлттық тестілеу орталығы бұл соңғы 4 жылдағы бірінші рет болып тұрған жағдай екенін айтып отыр.

Сонымен қатар алдағы уақытта тестілеу орталықтарында алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлердің жұмысын бақылау күшейтілмек. 

Орталық сондай-ақ сертификаттау ерікті екенін атап өтті. Мұғалімдер тіркеліп, тестен өтсе, бұрынғы жалақыларына қосымша үстеме алады. Қосымша ақы расталған біліктілік санатына байланысты төленеді.

"Еске салайық, денсаулығы нашар болған жағдайда тестілеу күнін өзгертуге болады", – деді ҰТО-дан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу