Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге бөлінетін ақша азаяды

666

Биыл ҰБТ-ны өткізуге 400 млн теңге жұмсалады.  

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге бөлінетін ақша азаяды

Жыл сайын Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізуге бөлінетін ақша азайып отырады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол ҰБТ-ны ұйымдастыруға бөлінетін қаржы үнемделе басталғанын айтты.

"Мысалы, өткен жылдары Ұлттық бірыңғай тестілеуді қағаз форматта ұйымдастыру үшін 1 млрд теңге жұмсалса, биыл біз 600 млн теңгені үнемдегелі отырмыз. Жалпы тест шығындарына 400 млн теңге жұмсалады. Себебі, биыл жаңа форматқа өту үшін ақша керек болды. Алайда алдағы жылы бұл сома азаяды",  деді Дидар Смағұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу