Ұлттық экономика министрі Түркі инвестициялық қорының президентімен кездесті

568

Әлібек Қуантыров Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевпен маңызды кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлттық экономика министрі Түркі инвестициялық қорының президентімен кездесті Фото: Егемен Қазақстан

Кездесу барысында Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын іске асыру барысы талқыланды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап өткендей, Қордың жұмысын тезірек іске қосу Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

Кездесу нәтижесінде екі тарап негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Түркі инвестициялық қорын құру туралы арнайы шешім қабылданып,  Бағдад Әміреев Қордың президенті болып тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу