Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 227 мыңнан асты

101

Авторлардың рұқсатымен жүктелген құжаттар көрсеткіші 329 485 болса, жалпы материалдар 1 408 540 рет қаралды.

Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 227 мыңнан асты Фото: ortcom_kz

Ұлттық электронды кітапхананы әлемнің әртүрлі елдеріндегі пайдаланушылар да қолданады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Вьетнам, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция және Қырғызстан мемлекеттерінен тіркелген оқырмандар бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кітапхана қоры 64 тілдегі 84 664 құжатты құрайды. Оның ішінде түрлі бағыттағы кітаптар, мақалалар, газет-журналдар, диссертациялар, нота және аудио-видеолар мен архивтік құжаттар жинақталған.

ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді ақпараттар ұсына алатын тұңғыш мемлекеттік кітапхана порталы.

Порталдың ерекшелігі – көру қабілеті бұзылған жандарға бейімделіп жасалуында. Кез келген пайдаланушы порталға тіркелусіз толық мәтінді құжаттармен таныса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу