Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ведомство тексерілмеген ақпаратты таратқанда абай болу керектігін еске салды.
Қылмыстық кодекстің 274-бабының 3-тармағына сәйкес, БАҚ, телекоммуникация желілерін және интернет-алаңдарды пайдалана отырып, жалған ақпарат тарату 3 мың АЕК (11 796 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартуға, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға жегуге немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасы қарастырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу