Ұлттық кітапхана мен "Бәйтерек" монументіне жарық берілді

938

Ұлттық кітапхана мен "Бәйтерек" монументіне жарық берілді

Республиканың қорғаныс министрлігінің, "Керуен" СОО-ның ғимараттары электр қуатымен қайта қамтамасыз етілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

"Левобережная" шағын станциясында КЛ-10 кВ-ң жұмысы ретке келтіріліп, ұлттық кітапханаға, "Бәйтерек" монументіне, сондай-ақ, "Изумрудный квартал" БО-на жарық берілді. 

Қазіргі таңда "Керуен" СОО-ын, республиканың қорғаныс министрлігінің ғимаратын электр қуатымен қамтамасыз ететін "Левобережная" шағын станциясының КЛ-10 кВ-ы ретке келтірілді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сенбіде кабельді желінің зақымдалуы салдарынан Астананың сол жақ жағалауындағы бірқатар тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарда электр қуатымен қамту қызметі ажыратылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу