Ұлттық кітапханада Франция кітап бұрышы ашылып, жаңа әдеби басылым көпшілікке ұсынылды

245

Алматыда Қазақстан мен Францияның мәдени ынтымақтастығын дамытуға арналған жобалар таныстырылды.

Ұлттық кітапханада Франция кітап бұрышы ашылып, жаңа әдеби басылым көпшілікке ұсынылды Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға арналған бірқатар іс-шара өтті, депхабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында көпшілікке арналған Франция кітап бұрышы ашылды. Онда Францияның тарихы мен мәдениеті туралы басылымдар, француз классиктері мен қазіргі авторлардың шығармалары, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылған әдебиеттер қойылған.

Жаңа кітап бұрышы оқырмандарға француз әдебиеті мен мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар француз тарихшысы әрі зерттеушісі Мари Фавероның "Алтын Орда: дала империясы әлемді қалай өзгертті" кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылды. Еңбекте Алтын Орданың тарихы, оның Еуразия кеңістігіндегі орны және Орталық Азиядағы саяси-мәдени үдерістерге ықпалы баяндалады.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Алматыдағы Француз альянсы мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжат аясында тараптар бірлескен мәдени-ағартушылық жобалар мен әдеби бастамаларды жүзеге асырып, түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу