Сонымен қатар цифрлық активтер саласындағы пилоттық жобалардың іске асырылуы туралы есеп тыңдалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басқарма үш бағыт бойынша бес жобаны мақұлдады:
- цифрлық активтер биржасын құру;
- цифрлық активтер бойынша брокерлік қызмет көрсету;
- ақшаға байланған цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы.
Ұлттық қордың жағдайы:
- 2025 жылдың үшінші тоқсанында валюта активтері 2,5 млрд АҚШ долларына өсіп, 62,7 млрд долларға жетті;
- тоқсандық инвестициялық табыс шамамен 2,6 млрд долларды құрады;
- жыл басынан бері активтер 3,9 млрд долларға өсіп, 9 айдағы табыс 7,1 млрд доллар немесе 12,3%-ды көрсетті.
Қаржы ұйымдарына қатысты: Банкке жатпайтын қаржы ұйымдарының пруденциялық нормативтерін орындау және микрокаржы ұйымдары мен кредит бюроларының есеп беру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу