ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қазақстандық балаларға "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша өткен жылдың төлемдері қашан түсетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Биылғы жылы 1 ақпан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, қаражатты аудару 30 қаңтарға, жұма күніне жоспарланған. Алайда азаматтар ақшаны шоттарынан 31 қаңтар күні түстен кейін немесе 1 ақпан таңертең көреді.
"Сома белгілі – шамамен 130 доллар әр баланың шотына түседі", – деді Ә. Молдабекова.
Айта кетейік, алғашқы жылы балаларға шамамен 100 доллар, екінші жылы – 130 долларға жуық төленген.
Алдағы төлемді қоса есептегенде жалпы көлемі 360 доллардан (181 мың теңгеден астам) асады. Инвестициялық табысты ескергенде бұл көрсеткіш сәл көбеймек.