Ұлттық қор кірісінің өсуіне қандай факторлар әсер етеді?

663

Мұны қаржы реттеушісі түсіндірді.  

Ұлттық қор кірісінің өсуіне қандай факторлар әсер етеді?

Ұлттық қор кірісінің артуына көбінесе акциялар нарығы ықпал етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап.

Биылғы жылдың шілде айының соңында Ұлттық қор активтері 450 млн долларға азайып, 56,9 млн долларды құрады.

"Шілде айында 477 млрд теңге трансферттердің бөлінуін қамтамасыз ету үшін 1,11 млрд доллар валютадағы активтер саудаланды.

Ал Ұлттық қорға 40 млрд теңге қаржы түсті, оның ішінде 65 млн доллары шетел валютасында. Қордың биылғы жылдың шілде айындағы инвестициялық табысы 590 млн долларды құрады" – деп жазылған хабарламада.

Қаржы нарығындағы құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі республикалық бюджетке трансферттердің үштен бірін құрады. Атап айтқанда оның көлемі 2 млрд доллар шамасында. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,5% жоғары (былтыр 1,3 млрд доллар болатын).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу