Ұлттық қорда 55 млрд доллар бар – Молдабекова

1419

Өткен жылы қордағы қаржы 3,4 млрд долларға азайған.

Ұлттық қорда 55 млрд доллар бар – Молдабекова

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова өткен жылдың соңында Ұлттық қорда 55 млрд доллар болғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы nationalbank.kz-ке сілтеме жасап.

"Алдын ала деректер бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері желтоқсанда 404 млн долларға артып, 2021 жылдың соңында 55,3 млрд  доллар болды", - деді төраға орынбасары kapital.kz-ке берген сұхбатында.

Ол 2021 жылғы қарашада "омикрон" штаммының анықталуына байланысты нарықта айтарлықтай түзетулер болғанын атап өтті.

"Алайда желтоқсанда нарыққа қатысушылар оптимистік көзқараста болды. Нәтижесінде желтоқсанның қорытындысы бойынша қаржы нарықтарында қалпына келу байқалды. Нәтижесінде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі 916 млн доллар болды. Өткен айда 368 млрд теңге көлемінде кепілдік берілген және нысаналы трансферттер бөлу мақсатында валюта нарығында 839 млн долларға активтер сатылды", - деді Әлия Молдабекова. 

Ұлттық банк төрағасының орынбасары республикалық бюджетке трансферттерді алу аясында Ұлттық қордың активтері 2021 жылы 3,4 млрд долларға азайғанын атап өтті.

"Өткен жылы Ұлттық қордан 4,5 трлн теңгеге бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін 9,6 млрд долларға валюталық активтер сатылды. Қорға шетел валютасында бір жылда 3,9 млрд доллар түсім түсті", - деді басшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу