Ұлттық қордағы валюталық активтер көлемі 300 млн долларға төмендеді

Қордың инвестициялық кірісі тамызда теріс қалыптасты. 

Ұлттық қордағы валюталық активтер көлемі 300 млн долларға төмендеді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Теңге бағамының динамикасы мен қаржы нарығындағы соңғы үрдістер туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың негізгі тезистерінде жазылған.

"Алдын ала деректерге сәйкес, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда шамамен 300 млн долларға төмендеп, тамыз айының соңында 59,9 млрд долларды құрады. ФРЖ-ның негізгі мөлшерлемесіне қатысты риторика, сондай-ақ, Fitch рейтингтік агенттігінің АҚШ-тың кредиттік рейтингін "AAA"-дан "AA+"-ке дейін бір сатыға төмендету туралы жаңалығы АҚШ қазынашылық облигациялары кірістілігі мен акциялар нарығындағы сатылымдардың артуына алып келді", – деді спикер.

Осының аясында барлық актив кластары қысымға ұшырады. Осылайша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі тамызда теріс қалыптасты. 

"Тамызда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 500 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 770 млн доллар шетел валютасы біркелкі сатылды. Ұлттық қордың шоттарына валюталық түсімдер тамызда "салық апталығы" факторы аясында айтарлықтай өсіп, 940 млн долларды құрады", – деді Әлия Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу