Ұлттық қордан 4,4 трлн теңге түскен

936

Шығыстарға келсек, бюджетке 2,7 трлн теңгеге трансферт беріліпті.  

Ұлттық қордан 4,4 трлн теңге түскен

Ұлттық қорға жүргізілген аудит қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.

"Ашық Үкімет" порталына түскен құжатта резервтің 2019 жылғы жалпы түсімі – 4,4 трлн теңге деп көрсетілген. Оның 1,6 трлн теңгесі таза инвестициялық кіріс.  Ал салықтар үлесі мынадай: 2,8 трлн теңге мұнайдан келген. Оның мөлшері 2018 жылмен салыстырғанда 11%-ға аз. 1,2 трлн теңге ұжымдық табыстан түссе, 109,6 млрд теңге үстеме пайдадан, 339,5 млрд пайдалы қазбалар өндіруден және 431,1 млрд теңге экспорттық рентадан келіпті. Қосымша 7,1 млрд теңге бонус болса, республикалық бюджеттегі нысаналы трансферттен кері 319,5 млн теңге қайтқан.

Шығыстарға келсек, бюджетке 2,7 трлн теңгеге трансферт беріліпті. Нәтижесінде, 2019 жылдың 31-желтоқсанындағы көрсеткіші бойынша резерв 27,4 трлн теңгенің басын құрап тұр. Бұл "Ашық Үкімет" сайтына салынған құжаттың түзетілген нұсқасы. Алғашқы 20-сәуірдегі жариялымда инвестициялық кірістен қате кеткен. Сондықтан есеп жаңартылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу