Ұлттық қордан республикалық бюджетке 6,6 трлн кепілдендірілген трансферт бөлінеді

723

Мәжіліc депутаттары "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке 6,6 трлн кепілдендірілген трансферт бөлінеді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев: "Заң жобасы бюджет кодексінің 24 бабына сәйкес әзірленді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2022 жылы – 2,4 трлн, 2023 жылы – 2,2 трлн, 2024 жылы – 2 трлн теңге деп белгілеу ұсынылды", – деді. 

Оның сөзінше, республикалық бюджетке жолданатын Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферті ортақ зейнетақыны төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін жасауға жұмсалады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу