Ұлттық қордан төлем алу үшін балаларға шот ашудың қажеті жоқ

584

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан балаларға қалай төлем жасалатынын айтып берді. 

Ұлттық қордан төлем алу үшін балаларға шот ашудың қажеті жоқ Фото: fingramota.kz

Ұлттық қордан  кәмелетке толмаған балалардың атына алғашқы төлем 2022 жыл үшін түседі.  Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров   мәлімдеді деп хабарлайды inbusiness.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Оның сөзінше төлем алу үшін балаларға шот ашудың қажеті жоқ. Өйткені бұл шот 2024 жылдан бастап Әділет министрлігінің дерекқорындағы ақпарат негізінде автоматты түрде ашылады. Оның механизмі әзірге талқылану сатысында.

Қуантыровтың айтуынша, арнайы шотқа түсетін қаражат сомасы бала 2024 жылы қанша жасқа толады, соған орай есептеледі.  Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының 50%-ы қазақстандық балалардың шотына түсіп отыратын болады.  Жас азаматтар бұл ақшаны кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалана алады. Қазіргі уақытта елде 6,5 миллионнан астам бала бар.

"Пайданың бөлініске қашан дайын болатынына байланысты, бірінші төлем 2022 жыл үшін түседі", - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Естеріңізге саламыз Ұлтық банктің қазан айындағы дерегі бойынша Ұлттық қордың активтері 51,6 млрд долларды құрайды. Ол тамыз айындағы көрсеткіштен 4,11%, жыл басынан бері 6,72% азайған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу