Ұлттық қордың Швециядағы шамамен 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне уақытша тыйым салу туралы бұйрық күшінде қалдырылды

860

Ұлттық қордың Швециядағы шамамен 100 млн  АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне уақытша тыйым салу туралы бұйрық күшінде қалдырылды

 

2018 жылғы 24 қаңтарда Стокгольм қаласының  округтік соты Ұлттық қордың Швецияда орналасқан активтеріне тыйым салу жөніндегі бұдан бұрын қабылданған бұйрықтың күшін жоймау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шведтік сот Ұлттық қордың шведтік 33 компанияның акциялары түріндегі жалпы сомасы шамамен 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне иелік етуге және Қазақстанның Швециядағы елшілігінің банк шоттарына уақытша шектеу қойды.

Кейін Қазақстан Республикасының өтінішхаты негізінде елшіліктің шоттарынан ауыртпалықты алып тастауға қол жеткізілді.

Алайда, сот активтердің мәртебесі, Ұлттық банктің құқықтық жағдайы және оның Ұлттық қордың қаражатын басқару бойынша өкілеттіктері туралы дәлелдерді назарға алмады.

Қазақстан Республикасы әділет министрлігі және Ұлттық банк тыйым салынған қаражаттың халықаралық келісімдерге сәйкес қол сұғылмайтындығын дәлелдей отырып, аталған шешімге Швецияның апелляциялық сотында шағым жасайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу