Ұлттық қордың тиімділігіне аудит жүргізген азамат қызметінен босатылды

633

Осыдан 5 жыл бұрын республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалған Талғат Жақанның өкілеттігі тоқтатылды.  Ол лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сенаттағы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның сөзіне сілтеме жасап. 

Ұлттық қордың тиімділігіне аудит жүргізген азамат қызметінен босатылды

"Есеп комитетіндегі қызметі кезінде ол өзін жауапты әрі білікті басшы ретінде көрсетті. Оның жетекшілігімен ұлттық холдингтер мен компаниялардың, Ұлттық қордың тиімділігінің аудиті жүргізілді. 31 тамызда Талған Амангелдіұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың атына өтінім берді", –  деді Ольга Перепечина. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу