Есепке сәйкес, 2024 жылы Ұлттық қордың таза активтері 34,7 трлн теңгеден асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар, "Ұлттық қор — балаларға" жобасы аясындағы нысаналы талаптар бойынша міндеттемелер көлемі 349,1 млрд теңгені құрады.
Қаржы министрлігінен қор қаражатына түскен түсімдер 3,8 трлн теңгені құраса, республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер ретінде 5,6 трлн теңге бөлінген.
Айта кетейік, бұған дейін жыл басынан бері үш айда қордан 1,45 трлн теңге жұмсалғаны хабарланған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу