Ұлттық құрамадағы танымал екі балуан ел чемпионатына қатыспайды

753

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыс шымылдығын еркін күрес шеберлері түрді.

Ұлттық құрамадағы танымал екі балуан ел чемпионатына қатыспайды

Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, құрамадағы екі балуан жарыстан сырт қалмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан біріншілігінің басталуын балуандарымыз асыға күтуде. Себебі жас спортшылар үшін бұл үлкен мүмкіндік. Өздерін жақсы қырынан көрсетіп, ұлттық құрамаға шақырту алу үшін барын салады. Ал құрама көшбасшылары арасынан Татьяна Аманжол мен Валентина Исламова қатыспайды. Аманжол спорттық мансабын аяқтағанын айта кету керек. Ал Эльмира Сыздықова, Мадина, Жамиля Бақбергенова бастаған құрама үздіктері ел чемпионатында сынға түседі", – дейді бас бапкер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу