Ұлттық құрылтайдың алдағы отырысы аясында "Білім және ғылым" жұмыс секциясының отырысы өтті

532

Іс-шарада белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ғалымдар мен сарапшылар өз ойларымен бөлісті. 

Ұлттық құрылтайдың алдағы отырысы аясында "Білім және ғылым" жұмыс секциясының отырысы өтті Фото: Otyrar.kz

Модератор ретінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі. Сондай-ақ, сессия жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, білім мен ғылымның ең негізгі міндеттерінің бірі – интеллектуалды ұлт қалыптастыру. Осы реттен келгенде, баршамыз жұмыла атқаратын жұмыстар жетерлік. Ол "Әліппеден" бастап ғылыми зерттеулерге дейінгі барлық жұмыстарымыздың сапалық деңгейінің жоғары болуы. Содан білім алған ұрпақтың бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуы", - деді министр Саясат Нұрбек.

Секцияда цифрлық және жаңа технологиялық шындық, ұрпақтар сабақтастығын сақтау аясында қалыптасып келе жатқан жас ұрпақтың ерекшеліктері талқыланды. Жоғары білім берудегі реформаларды жетілдіру, оның ішінде жоғары оқу орындарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу және оқытушылардың мәртебесін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сарапшылар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды дамыту және елдің жалпы идеологиялық негізін қалыптастыру мәселелеріне жеке тоқталды.

Сонымен қатар, секция жұмысы аясында орта білім беру, әсіресе ауылдық жерлерде мектеп инфрақұрылымын жақсарту мәселелері көтерілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық Құрылтай мүшелерінің мемлекеттік органдармен бірлесіп ұсыныстарын іске асыру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу