Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды

146

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты.  

Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ерлан Қарин кеше биылғы құрылтайдың 4 секциясы өз отырыстарын өткізгенін атап өтті. Соның аясында құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйледі.

Оның сөзінше, былтырғы Бурабайдағы құрылтай өңірлерді дамытуға серпін берген.

– Былтыр аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама іске асты. Қазақстан Республикасының Өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды. Құжаттың басты міндеті – халықты негізгі инфрақұрылымдармен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Өңірлердегі негізгі мәдени-туристік іс-шаралардың тізбесі жасалды. Мұның бәрі бір жылда атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Жалпы Бурабайда айтылған бастамалар мен ұсыныстар негізінде жүйелі жұмыстар жүргізілді. Оларды тиімді іске асыру үшін құрылтай мүшелері секцияларда, жұмыс кездесулерінде түрлі талқылау өткізді, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу