Ұлттық статистика бюросы: Қазақстанда 98 млрд теңгенің қағаз өнімі өндірілді

605

Елімізде қағаз өнімдерін шығарумен 16 кәсіпорын айналысады.  

Ұлттық статистика бюросы: Қазақстанда 98 млрд теңгенің қағаз өнімі өндірілді Фото: baribar.kz

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі қаржылай мәнде 97,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Айта кету керек, түрлі санаттар бойынша өндірілген өнім көлемі әртүрлі. Мәселен, қағаз және гофрленген картон өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72,4% өскен, 83,3 мың тоннаны құрап отыр. Ал, қораптар мен жәшіктер өндірісі 10 айда 2,8% өсіп, 96,1 млн келіге жетті.

Өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда дәретхана қағазын өндіру керісінше 34,7% (19,8 млн келі), қағаз майлықтар өндірісі 1,8% (3,6 млн келі) төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу