Ұлттық статистика бюросының бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды

746

Ұлттық статистика бюросы 1446 бірыңғай нөмірі арқылы байланысуға болатын байланыс орталығын іске қосты.  

Ұлттық статистика бюросының бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды Фото: egemen.kz

Бұл нөмірге қалалық телефондардан, ұялы телефондардан да тегін хабарласуға болады, деп жазады inbusiness.kz.

Байланыс орталығының операторлары Бюро қызметіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде келіп түсетін қоңырауларға жауап беріп, өтініштерді қабылдай алады. Атап айтқанда, Бюро сайты бойынша ақпарат іздеу, статистикалық нысандарды толтыру мен олардың әдіснамасы, статистикалық есептілікті тапсыру кезінде туындайтын техникалық сұрақтар бойынша жүгінуге болады.

 "Азаматтардың өтініштері бойынша 1446 Бірыңғай байланыс орталығының іске қосылғанын қуана хабарлаймыз. Бұл өтініштерді қабылдаудың кезекті көзі ғана емес, сонымен қатар келіп түсетін барлық сұраудың, соның ішінде берілетін кеңестердің бірыңғай есепке алу жүйесінде тіркеліп, толық жауап берілу үшін әртүрлі сарапшылардың бақылауынан өтетін "Бірыңғай байланыс нүктесі" түріндегі толығымен қайта құрылымдалған жұмыс процесі. Біздің мақсатымыз – респонденттердің Бюро қызметкерлерімен офлайн байланысын барынша азайту. Осы мақсатта біз  қызметтерімізді цифрландыру бойынша да жұмыс істеп жатырмыз", – дейді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Жаннат Дүбірова.

Бірыңғай нөмір бюро жұмысының тиімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және өтініштердің өңделу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу