Ұлттық тасымалдаушы халықаралық пилоттық жобаны қолға алды

248

Жоба China Railway Container Transport Corporation (CRCT), Yuxinou (Chongqing) Logistics Co., Ltd және "KTZ Express" АҚ компанияларының ынтымақтастығы аясында қолға алынды.  

Ұлттық тасымалдаушы халықаралық пилоттық жобаны қолға алды Фото: rail-news.kz

"Қазақстан темір жолы" компаниясы Чунцин – Достық – Ворсино бағыты бойынша мамандандырылған контейнерлерде автомобильдер тасымалдау жөніндегі пилоттық жобаны іске асырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"KTZ Express" Чунцин (Қытай) – Достық (Қазақстан) – Ворсино (Ресей) халықаралық бағыты бойынша жеңіл автомобильдерді мамандандырылған контейнерлерде пилоттық тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Yuxinou (Chongqing) Logistics Co., Ltd компаниясы пойызды жөнелтсе, KTZ Express 1520 мм теміржол желісі бойынша тасымалды экспедициялайды. Пойыз құрамына автомобильдерді тасымалдауға арналған 55 мамандандырылған 40 футтық контейнер кірді. Жөнелтілімнің жалпы көлемі Changan маркалы 182 жеңіл автокөлікті құрады.

"Жобаның ерекшелігі – жеңіл автомобильдерді тасымалдау үшін арнайы әзірленген, жүк көтергіштігі 35 тонна болатын жаңа әмбебап 40 футтық контейнерлерді пайдалану.

Мамандандырылған контейнерлерді қолдану тасымалдау тиімділігін арттыруға, жүктің жол бойындағы сақталуын қамтамасыз етуге және автомобиль өнеркәсібі үшін контейнерлік логистиканың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады ұлттық тасымалдаушы компания.

Пилоттық тасымал Қытай – Ресей бағыты бойынша дайын автомобильдерді тасымалдауға арналған контейнерлік сервистерді дамытудағы маңызды кезең болып қана қоймай, халықаралық теміржол қатынасында заманауи логистикалық шешімдерді қолдану әлеуетін растайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу