Ұлттық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайтын құжат қабылданды

906

Сенаттың жалпы отырысында "2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң қабылданды. 

Ұлттық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайтын құжат қабылданды

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов:

"Қазіргі кезде екі ел арасында қауіпті жүктер мен ауыр салмақты жүктерді қоспағанда, автокөлікпен екіжақты, транзитті және үшінші елдерге жүк тасымалдау рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады. Рұқсатсыз жүйе автомобиль тасымалын орындау кезінде Грузияның көлік операторларына басымдық беріп, ұлттық тасымалдаушылардың мүддесін толықтай қорғауға мүмкіндік бермейді. Атап айтқанда 2020 жылы экспорт-импорт бағытында тасымалданған 18 мың 96 тонна жүктің 29% -ы отандық тасымалдаушылар еншісіне тисе, 57%-ын грузин көлік операторлары тасымалдады", – деді.

Жағдайдың осылай қалыптасуына Грузияның халықаралық тасымалдағы автокөлік паркін арттыруы ықпал еткен.

"Рұқсат жүйесін енгізу біріншіден, 2 ел арасындағы автокөлікпен жүк тасымалдау нарығында тепе-теңдік орнатуға мүмкіндік береді. Екіншіден, отандық көлік операторларының тасымалдағы үлесін арттыруға жағдай жасайды. Үшіншіден, отандық тасымалдаушылар таситын жүк көлемін ұлғайып, табысын арттыруға ықпал етеді", – деді министр.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу