Ұлттық тауар тарату жүйесі инфрақұрылым деңгейінде құрылады

941

Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев министрліктің алқа отырысында еліміздің 3 қаласы мен 3 облысында 7 көтерме-тарату орталығы салынатынын мәлімдеді. 

Ұлттық тауар тарату жүйесі инфрақұрылым деңгейінде құрылады

"Ұлттық тауар тарату жүйесі инфрақұрылым деңгейінде құрылады. 24 көтерме-тарату орталығы бой көтереді", – деді вице-министр. 

Ержан Қазанбаевтың сөзінше, Ұлттық тауар тарату жүйесі азық-түліктің жекелеген түрлерінің азаюының алдын алып, бағаны тұрақтандырады және сауда инфрақұрылымын дамытып, экспортерлер арнасын құруға жағдай жасайды. 

"Тауар бөлудің аталған жүйесі өндірушілердің сауда базарына шығуына жол ашады. Яғни олар егіс алаңынан шығып, сауда сөресінен табылады. Ал тұтынушылар сапалы өнімге қол жеткізеді. Биыл Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл, Павлодар облыстарында 7 көтерме-тарату орталығын салу жоспарланып отыр", – деді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу