Ұлттық техникалық регламент әзірлеудің тәртібі қайта қаралады

618

Сенаттың жалпы отырысында "Техникалық реттеу туралы" заң қабылданды. 

Ұлттық техникалық регламент әзірлеудің тәртібі қайта қаралады

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын қабылданған техникалық реттеу туралы заңнама қазіргі уақыт талабына сай болмауына байланысты Президенттің пәрменімен қайта қаралған. Сәйкесіше, толықтырылған, өзгертілген. 

"Үкімет "Техникалық реттеу туралы" заңның жаңа редакциясындағы жобасын әзірлеп, Парламенттің қабылдауына ұсынды. Заң жобасын әзірлеу кезінде біздің негізгі міндетіміз тұтынушыларды қауіпті өнімнен қорғап қана қоймай, бақылау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде оларға артық жүктеме көрсетпей, отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін енгізе алатын жаңа нормативтік базасы құру болды", – деді министр.

Жаңа заң жобасында қандай мәселелер қамтылған? Бұл сұраққа Бақыт  Сұлтанов: "Бірінші – мемлекеттік бақылау кезінде жедел ден қою тетігін енгізу. Бұл мәселедегі заңнамалық жаңалық – субъектілердің бақылауынан объектілердің бақылауына көшу. Яғни өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексеріледі. Зертханаларда сынақ жүргізу үшін адам өміріне қауіпті өнім үлгілерін сатып алу рәсімі енгізіледі. Қауіпті өнімнің отандық нарықтағы айналымының жолын шұғыл кесу мақсатында заң жобасында кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жедел ден қоюдың екі шарасы көзделеді. Бұл расталған сынақтардың нәтижелері бойынша қауіпті өнімді алып қою және сертификаттаудан өтпеген немесе сертификаты жоқ өнімді айналымға шығаруға тыйым салу. Бұл ретте заң жобасы жаппай бақылауды көздемейді. Объектілер ақпараттық базада "онлайн" режимде қадағаланады. Жедел ден қою шаралары бұлтартпайтын дәлелдер болған кезде ғана қолданылады. Өнімді айналымға шығаруға тыйым салу анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін күшін сақтайды. Екіншіден, сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіру, сертификаттау процестерін цифрландыру ескерілген. Үшіншіден, салалардағы техникалық реттеуді күшейту қарастырылған. Еуразиялық экономикалық одақ аясында келіссөздер позициясын сапалы қалыптастыру мақсатында салалық мемлекеттік органдар жанында Сараптамалық кеңестер қызметін қайта құру көзделген. Ұлттық техникалық регламенттерді әзірлеудің тәртібі қайта қаралады. Бизнес үшін ерікті сертификаттау жүйесін құрудың құқықтық тетігі белгіленеді", – деп жауап берді.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу