Ұлттық ұлан әскери қызметкеріне баспана беру ісі бойынша сотта жеңілді

110

Сот мәліметінше, әскери қызметші 2019 жылдан бері отбасы мүшелерімен бірге баспанаға мұқтаж ретінде тіркеуде тұрған.  

Ұлттық ұлан әскери қызметкеріне баспана беру ісі бойынша сотта жеңілді Фото: ng.kz

Қостанайлық әскери қызметкер тұрғын үй төлемдерін алып келген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алайда 2025 жылы оған 6 адамнан тұратын отбасы үшін 32,6 шаршы метрлік бір бөлмелі пәтер ұсынылған. Тұрғын үй көлемі отбасы құрамына сай келмегендіктен, ол ұсыныстан бас тартқан.

Қостанайда Ұлттық ұланның әскери қызметшісі – төрт баланың әкесі тұрғын үй алу құқығын сот арқылы қорғады.

Осыдан кейін тұрғын үй комиссиясы оны кезектен шығарып, төлемдерді тоқтату туралы шешім қабылдаған. Әскери қызметші бұл шешіммен келіспей, сотқа жүгінді.

Сот бірінші инстанцияда талап-арызды қанағаттандырып, комиссия шешімін заңсыз деп таныды. Апелляциялық шағым берген Ұлттық ұлан бұл істе де жеңіліс тапты – сот бастапқы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімінде тұрғын үй беру кезінде отбасы құрамын және заңда белгіленген нормаларды сақтау қажет екені атап өтілді. Ал 6 адамнан тұратын отбасыға бір бөлмелі пәтер ұсыну – талаптарға сай келмейтіні толықтай дәлелденді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу