Әскери жасақ құрамындағы қатардағы жауынгерлер Сапармұрат Алмабеков пен Мәди Қазы Астана қаласындағы тұрғын үйден шыққан өрт орнына жедел жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға орнында әскери қызметшілер үй ішінен екі газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарып, жарылыстың және ауыр салдардың алдын алды. Болған жағдай туралы шұғыл қызметтерге дер кезінде хабар берілді.
Сондай-ақ өрт сөндірушілермен бірлесіп, жақын маңда тұрған автокөлік қауіпсіз жерге жылжытып, материалдық шығынды болдырмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу